15 Қантар 2019
327

Жәнібектік шаруалар 340 млн. 788 мың теңге демеуқаржыны игерген

 

Өткен жыл бойынша Жәнібек ауданында төрт түліктен мал басының өсімі бар.

 

          Шаруашылықта 4105,3 тонна ет (100,9 пайыз), 11459,5 тонна сүт (100,5 пайыз) өндірілді. Есепті мерзімде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 5 805,8 млн. теңгені құрады. Ауданда жұмыс жасайтын 347 ауыл шаруашылығы құрылымдарының 170-і мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, шаруашылықтарын дамытуда.

         Былтыр ауданда 19 583 бас аналық мал тұқымдық түрлендірумен қамтылып, көрсеткіш 97,4 пайызға жеткен. Ауданның шаруа қожалықтары 340 млн. 788 мың теңге демеуқаржыны игерді.

 

А.Қожағұл

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz