15 Қантар 2019
563

Жалпақталдағы мектепте музей жасақталуда

Бүгін Қазталов ауданы әкімі Абат Шыныбеков Жалпақтал ауылында болып, мұндағы жартылай стационарлық жағдайдағы «Қамқор» орталығының жағдайымен танысты.

 

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Жалпақтал ауылында мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге қызмет көрсететін «Қамқор» орталығы ашылған болатын. Бүгінде орталықта арнайы мамандар жеті түрлі әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Мұнан кейін аудан басшысы Ғ.Молдашев атындағы мектепте болып, жасақталып жатқан музей жұмысын көрді.

 

Тұрарбек Қайырғалиұлы

Казталов ауданы

zhaikpress.kz