17 Қантар 2019
370

Былтыр Жәнібекте 88 отбасы баспаналы болды

 

         Өткен жылы Жәнібек ауданы орталығында екі пәтерлі 40 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, түрлі санат бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 80 отбасы қоныстанды.

 

Сондай-ақ аудан орталығындағы бұрынғы екіқабатты әкімшілік ғимарат күрделі жөндеуден соң, тұрғын үйге айналдырылып, кезекте тұрған сегіз отбасы қоныстандырылды. Жалпы былтыр үй кезегінде тұрған 213 отбасының 88-і баспанамен қамтамасыз етілді.

 

А.Қожағұл,

Жәнібек ауданы

© zhaikpress.kz