17 Қантар 2019
428

Биыл Сырымда өтетін мәдени шаралар анықталды

 

Бүгін Сырым ауданында аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұловтың төрағалығымен 2019 жылы ауданда өтетін іс-шаралардың жоспары талқыланды. Жоспарды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев таныстырды.

 

 

         Биыл Сырым ауданында өтетін іс-шаралардың мазмұны да деңгейі де сан алуан. Республикалық Қадыр оқулары, «Сыр шертеміз тарихтан!» атты мектептер фестивалі секілді дәстүрлі шаралардан бөлек, аңшылардың аудандық сайысы, ұлттық ат спортынан аудан біріншілігі, әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 110 жыл толуына орай дәстүрлі әншілер арасындағы аймақтық ән байқауы және Тайлақ батырға арналған конференция өткізу жоспарланған.

         Жиналыста С.Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің директоры Айнагүл Ойшыбаева Ж.Тілековтың «Сырым батыр» туралы жырын жатқа оқудан сайыс ұйымдастыру туралы ұсыныс айтты.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

 

Сырым ауданы

 

© zhaikpress.kz