17 Қантар 2019
405

Жақсыбайда 73 бас жылқы етке тапсырылған

 

Жәнібек ауданындағы Жақсыбай ауылдық округі бойынша 3 940 бас ірі қара, 6 056 қой-ешкі, 1 031 жылқы алты қыстақта тұр. Қалған мал азығының көлемі 7 114 тонна.

 

 

 Ауылдық округ әкімі Алмат Қаратаевтың айтуынша, қазіргі таңда округ бойынша 143 бас ірі қара, 73 бас жылқы Орал қаласына етке тапсырылған. Ауылдағы алты мал қыстағының өзен бойындағы үшеуіне әзірге жол қатынасы қиын. Алдағы уақытта Саратов облысына қарасты аудандардан жүз тоннаға жуық жем алу үшін келіссөз жүргізілмек.

 

А.Байбарақ,

 

Жәнібек ауданы

 

© zhaikpress.kz