17 Қантар 2019
367

Жәнібекте Ресейден әкелінген жем сатылуда

 

         Жәнібек аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінен алынған мәліметке сүйенсек, ауданда 16 қаңтарға қалған шөп 76 532 тоннаны, жем 857 тонна.

 

         Талов, Жақсыбай ауылдық округтеріндегі жылқылар түгелдей, ал Борсы, Қамысты және Тау ауылдық округтеріндегі кейбір шаруа қожалықтарында жылқылар қыстаққа тұрған. Мал шығыны тіркелмеген. Талов, Борсы ауылдық округтерінде жылқыларды іріктеп етке тапсыру жоспарлануда.

         - Күйгенкөл, Қамысты, Тау, Жақсыбай ауылдық округтерінде мал азықтық жем сату ұйымдастырылуда. Соның ішінде Жақсыбай ауылдық округінің шаруа қожалығы Орал қаласынан 31 тонна арпа, Қамысты ауылына Ресейдің көршілес ауданынан 30 тонна жем әкелініп, сатылды. Сол сияқты Жәнібек ауылында бес орында арпа, қара бидай, ақ бидай сатылуда. Бүгінгі күні 59 мал қыстағымен қатынас болмай отыр. «Қанат» ЖШС-ның К-700, төрт шаруа қожалықтың ДТ-75 тракторларымен жол тазалау жұмыстары жүріп жатыр, - дейді жоғарыда аталған бөлімнің бас маманы Асылбек Қамашев.

 

А.Есіркепов,

 

Жәнібек ауданы

 

© zhaikpress.kz