18 Қантар 2019
457

Сырымдық спортшылар ел чемпионатына жолдама алды

 

Орал қаласында қазақ күресінен 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен БҚО чемпионатынан Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Айбол Оразғалиевтің шәкірттері табысты оралды.

 

         Атап айтсақ, Рақымжан Жалғас 42 келі салмақ дәрежесі бойынша облыс чемпионы атанса, Бекарыс Жамбылов осы салмақта үшінші орынға ие болды.

         Рақымжан мен Бекарыс осы жарыстың қорытындысы бойынша Алматы қаласында қазақ күресінен өтетін ҚР чемпионатына қатысуға жолдама алды.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

 

Сырым ауданы

 

© zhaikpress.kz