18 Қантар 2019
418

25 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған

 

 Өткен жылы Жәнібек ауданының 14 шаруа қожалығы 25 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алса, соның 9-ы лизингке алынған.

 

 

 

25 техниканың ішінен күні бүгінге 14 техника шығындарының 25 пайызы өтеліп, 10 млн. 282 мың теңге субсидия төленді. Инвестициялық салымдарды субсидиялау бағыты бойынша 2018 жылы 107 шаруа қожалық 275 млн. 405 мың теңге демеуқаржы рәсімдеді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында былтыр 83 адам 234 млн. 761 мың теңге несие алған.         

 

Бір ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Енді аудан бойынша барлығы он ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс жасауда.

 

 

А.Қожағұл,

 

Жәнібек ауданы

 

© zhaikpress.kz