18 Қантар 2019
409

Жәнібек ауылында 9 көше жөнделді

 

Былтыр «КПО» б.в компаниясының әлеуметтік кепілдемесінің негізінде Жәнібек ауданы орталығындағы тоғыз көшеге орташа жөндеу жүргізілді.

 

        

 

         Бас мердігер – «Бірлік» ЖШС. Жәнібек ауылында А.Иманов, Ғ.Қараш көшелеріне тротуар салынды. Құрылыс жұмыстарының құны – 15 млн. 819 мың теңге. Мердігер – «Символ» ЖШС. Жаяу жүргіншілер жолының ауданы 1187 шаршы метр. Сол сияқты Жәнібек ауылындағы орталық алаңды қайта құру жобасы бойынша жұмыс жасалды. Құрылыс жұмыстарының құны – 54,8 млн теңге. Алаңның 8 914 шаршы метр ауданы қайта жасалып, пайдалануға берілді.

 

А.Байбарақ,

 

Жәнібек ауданы

 

© zhaikpress.kz