18 Қантар 2019
816

Ғарифолла Құрманғалиевтің дауысы жазылған таспа Италияда сақталған

 

Бүгін Қаратөбе балалар саз мектебінде атақты әнші, композитор, «Қазақстанның халық әртісі», «Қызыл Жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 110 жыл толуына орай «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» атты танымдық кеші өтті.

 

Сазды кеш домбырашылар ансамблінің орындауындағы Құрманғазының «Балбырауын» күйімен басталды.

 

Жүздесу барысында Ғ.Құрманғалиев жайында және өз дауысымен шырқалған әндер хақында бейнежазба көрсетілді.

 

Ғарифолла Құрманғалиевтің әндерін насихаттаушы, қаратөбелік әнші Нұршат Исламғалиев әндерін орындады.

 

Кеште оқушылар Ғ.Құрманғалиевке арнап шығарған өлеңдерін оқыды. «Дәстүрлі әншіліктің дарабозы» атты кітап көрмесіне кітапханашы Құрманай Гатауова библиографиялық шолу жасады.

 

Айта кетсек, Ғарифолла Құрманғалиевтің дауысы жазғылған таспа Италияның Генуя қаласындағы «Әлемдік сирек кездесетін дыбыстар» музейінде сақталып тұр.

 

Тоты Есқайырова,

 

Қаратөбе ауданы

 

© zhaikpress.kz