21 Қантар 2019
364

Қазталовта шаңғы эстафетасы өтті

 

Эстафетаның салтанатында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова ауданның спорт жетістіктеріне тоқталып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

         «Айбын» спорт клубы, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен аудан орталығында өткен эстафетаға ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары да қатысып, ұзындығы 6 шақырымды құрайтын межені жүріп өтті.

 

Айта кетейік, шаңғы эстафетасын қазталовтықтар Жаңақала ауданына жолдады.

 

Шара соңында белсенді спортшылар арнайы алғыс хатпен марапатталды.