21 Қантар 2019
420

Шалғайдағы Жамбыл ауылына ауыз су тартылады

 

Жамбыл – Ақжайық ауданының шалғайлау жатқан ауылының бірі.

 

Бұл ауылдық округте де игі беталыстар уақыт өткен сайын молайып келеді. Біртіндеп асыл тұқымды түліктер саны көбеюде. Бұрын бос қалған қыстақ-күтірлерге жан бітуде. Айталық, былтыр екі қыстақта жаңа үйлер салынды, тағы екі күтірде жаңа баспаналар көтерілмек. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқып, несие алып, алқабын рәсімдеп, шаруа қожалығын құруға қамданғандар бар.

     

Ауылдық округ әкімі Қайыржан Елешовтың тұрғындарға есеп беру жиынында осылай, тірлікті түлетудің сан қыры әңгімеленді. Мұны түйіндеп айтсақ, Жастар жылына орай жастар орталығын ашу жайында егжей-тегжейлі әңгімеледі. Былтыр күзде Жамбылға газ құбыры жеткізілді. Енді әлеуметтік нысандарда газдандыру үшін мемлекеттік сатып алу жарияланды. Тұрғындар да өздерінің баспаналарына көгілдір отын желісін құнттаса, ауыл өмірі өркендейді. Таза ауыз су құбырын да тарту көзделіп отыр. Сондай-ақ, басқа көптеген жердегідей, Жамбылда да спорт алаңы салынады.