21 Қантар 2019
450

Жәнібекте ауылішілік жолдар жөнделмек

 

Былтыр Жәнібек ауданы орталығының Мусин, Байтұрсынов, Мәжитов және Әбдірахманов көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттар жасақталған болатын.

 

 

 

Биыл аталған нысандарды кешенді мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмысы жоспарланып отыр. Сондай-ақ аудан орталығындағы Абай көшесінің автомобиль жолын және Жәнібек-Талов-Кіші өзен автомобиль жолының 2 шақырымын күрделі жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттары жасалды. Былтыр кешенді мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.