21 Қантар 2019
329

Жәнібекте жолаушылар тасымалы жолға қойылуда

 

Жәнібек ауданының орталығында үш бағыт бойынша жолаушылар тасымалдау мақсатында маршрут ұйымдастырылды.

 

Бұл маршрут облыстық мәслихаттың шешімімен әлеуметтік маңызы бар маршруттар тізіміне енгізілген. Тасымалдаушы шығындарын өтеу (субсидия) мақсатында жергілікті бюджеттен былтыр 5064000 теңге қаражат бөлінді. Тасымалдаушымен жолаушылар тасымалын жүргізу жөнінде үш жылға келісімшарт жасалған. Биыл тағы да екі маршрут ашу көзделіп отыр.