21 Қантар 2019
402

Былтыр Қаратөбеде 149 жас тұрақты жұмысқа орналасты

 

 Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының 2018 жылы атқарған жұмыстарының жылдық есебі тындалды. 

 

Аталмыш жиынға облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының уақытша міндетін атқарушысы Альфия Жақсығалиева қатысты.

 

Орталық басшысы Эльдар Амантаевтың баяндамасына сай, бүгінде ауданда 14 пен 29 жас аралығындағы 3 992 жас бар. Былтыр 149 жас жұмыспен қамтылған. Аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесе 4 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіліп, 562 жасқа психологиялық, заңгерлік, теолоиялық және жұмыспен қамту бағдарламалары бойынша кеңес берілген.

 

– 2018 жылдық 21 маусымынан бастап аудан орталығында «Жасыл ел» студенттердің құрылыс жасағы жұмысын бастады. Құрылыс жасағы 2 кеңезде барлығы 60 жасты еңбекпен қамтыды.

 

Жылдық есепке сай аудан бойынша қысқа мерзімді оқу бағдарламасы бойынша түсінік жұмыстары жүргізіліп, 99 жас қысқа мерзімді оқуға жіберілді. Жұмысқа орналасқандар саны 60 жасты құрайды, - дейді Эльдар Ниязбекұлы.

 

Аудандық мәслихат депутаты Н.Меңдешов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көрсетілген атқа міну спортын қолға алу, киіз басу, құрақ көрпе жасау, тоқыма өнері сынды ұлттық құндылықтарды қайтадан қолға алып, жастар арасында насихаттау жөнінде бастама көтерді.

 

Жиын соңында Альфия Сырымқожақызы аудан жастарының атқарған жұмысына тоқталып, өткен жылы кеткен кемшіліктерді айтты. Облыстық жастар саясатының жоспары туралы баяндап, жиында айтылған ұсыныстар бойынша жұмыс жүргізілетіндігін жеткізді.