21 Қантар 2019
350

Талдыапанда біраз мәселе шешілген

 

Бүгінде Қазталов ауданы Талдыапан ауылдық округінде 1497 тұрғын тұрады.

 

Ауыл тынысын баяндап өткен ауыл әкімі Асқар Есқалиұлы елді мекендердегі электр жарығының тозығы жектендігін айтты. Боранның салдарынан елді мекендерде жарықтың болмауы қалыпты жағдайға айналған. Жиын барысында ауыл әкімі жыл бойына белсенділік танытқан демеушілер мен тұрғындарға ризашылығын білдірді.

 

Өткен жылы округте «Ақбұлақ» бағытымен Талдыапан, Сарықұдық, Қайшақұдық, Қособа ауылдарына су құбыры жүргізілді. Ал ауызсумен қамтылмаған Бейістерек елді мекенінде 10 тонналық су құдығын жасалуда. Жыр болған көгілдір отынның мәселесі де шешіліп, жұмыс біркелкі атқарылып, бөлінген қаражат игеріліп келеді.

 

Ауыл тұрғындары Сарықұдық елді мекеніне жаңа үлгідегі мектеп салу, Талдыапан мәдениет үйін күрделі жөндеу сынды мәселелерді көтерді. Абат Абайұлы Талдыапан ауылында қостанайлық «Зерновая индустрия»  агрохолдингі бес мың бас ірі қара малына арналған мал бордақылау алаңын салуды жоспарланғанын айтып, болашақта жаңа жұмыс орындары ашылатынын сөз етті.