21 Қантар 2019
342

Шағырлыойда 18 бас ірі қара бордақылауда

 

Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев Шағырлыой ауылында бордақылауда тұрған малды арнайы барып көрді.

 

Гүлбану Абдуғалиева 2017 жылы «Береке» бағдарламасымен 1 млн. 400 мың теңге несие алған. Бүгінде ұлы Ерболат Абдуғалиев бордақылау ісіне мықтап кіріскен. Бірінші жылы 4 бас алып, кейін санын 20-ға жеткізеді. Өткен аптада екі бас бұзауын сатып, 180 мың және 200 мыңға тапсырған. Қазір олар 18 бас ірі қараны күтіп, баптауда.

Ерболаттың айтуыншеа, бордақылаудағы малдарға күніне екі мезгіл 3 келіден арпаны ұсақтап береді.

 

Шынар Молданиязова,

 

Сырым ауданы

 

© zhaikpress.kz