22 Қантар 2019
441

Теректіде шаңғы тебуден аудан біріншілігі өтті

 

Теректі ауданы Федоров ауылында шаңғы спортын дамыту, бұқаралық спортты насихаттау мақсатында мекемелер мен ұйым қызметкерлері арасында шаңғы тебуден аудан біріншілігі өтті.

 

Ашылу салтанатында аудан әкімі Әділ Жоламанов және ауданның құрметті азаматы Мұсағали Төлегенов сөз алып, салауатты өмір салтын ұстанатын теректіліктерге сәттілік тіледі.

 

Жарысқа аудан әкімдігі, Федоров, Ақсуат, Богданов, Покатилов, Приречный, Ұзынкөл, Долин, Новопавлов, Ақжайық ауылдарының командалары, аудандық жер қатынастары, білім беру бөлімі, туризм орталығы, Федоров қазақ мектебі, аудандық орталық аурухана, «Ақжелкен» бөбекжайы, Федоров №1 ЖОББМ, балалар шығармашылық үйі, аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті секілді ұжымдардан командалар қатысып, өзара кім мықтыны анықтады.

 

Додаға қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай сынға түсіп, жеңімпаз болған спортшылар аудан намысын облыс көлемінде қорғайтын болады.