23 Қантар 2019
1102

Ақжайықта «Қамқорлық» акциясы өтуде

 

Дәстүрге айналған «Қамқорлық» республикалық акциясы Ақжайық ауданында да нәтижелі өтуде.

 

Мысалы, Сарытоғай орта мектебінде әлеуметтік әлсіз, көпбалалы отбасылар балалары назардан қалыс қалған емес. Айталық, кәсіпкер Аманжол Масалимов 5 оқушыны оқу жылы бойы ыстық тамақпен өз есебінен қамтамасыз етуді міндетіне алды. Жеке кәсіпкер Гүлвира Сағымбаева, Лиза Кенжеғалиқызы, шаруа қожалықтарының иелері Ғани Жәрдем, Жасқайрат Жұмашев, Қайрат Ниязбаев, Балғабай Кәрімов, Аман Бисенғалиев, Қамбар Әбдрахманов 9 оқушыға 132 600 теңгеге түрлі қысқы күртеше, аяқ киім, спорттық киімдер алып берді.

 

- Осындай қайырлы істер одан әрі жалғасын табатыны сөзсіз. Өйткені, елдің ертеңгі тағдырын қолға ұстайтын жасұрпаққа қамқорлық ізсіз кетпейтіні кәміл, - дейді «Нұр Отан» партиясы Сарытоғай бастауыш ұйымының хатшысы, әлеуметтік  педагог Темур Құсайын.