24 Қантар 2019
383

Алғабаста 76 бас ірі қара бордақылануда

 

Сырым ауданы Алғабас ауылдық округіндегі «Миллат» шаруа қожалығында қараша айынан бері 76 бас ірі қара бордақылануда.

  

 

-Бордақылаумен 3 жылдан бері айналысып келемін. Бордақылау маусымынан өткен малдардың салмағы алды 180 келіден бастап әрісі 400 келіге дейін құрайды,- дейді қожалықтың жетекшісі Миллат Қадыралин.

 

Өзінің жұмысын 2002 жылы бастаған қожалық егін шаруашылығына да епті. 1000 гектар егістік алқап қожалықтың қамбасын құр қалдырып көрген емес.

 

Егін егіп еңбектеніп, мал бордақылап бейнеттенген шаруашылық биылдан бастап асыл тұқымды мал шаруашылығына да кәсіби түрде кіріспек.         

 

«Миллат» қожалығы жуырда Алғабасқа Тасқаладан қазақтың ақбас тұқымды сиырларын алып келеді.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

 

Сырым ауданы

 

© zhaikpress.kz