25 Қантар 2019
480

Жусандыойда кәсіпкерлік дамып келеді

 

          –  «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау бағдарламасымен бөлінген мемлекеттік 1,5 млн. теңге грантты жеке кәсіпкер, «Kazecoproduct» ЖШС-ның жетекшісі Елдос Имамәліков биогумус жобасы бойынша ұтып алды. Бүгінгі таңда қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, жұмыстануда. Сол сияқты «West tekstil product» ЖШС-ның жетекшісі, жеке кәсіпкер Эльдар Иманмәліков 1 000 000 теңгеге жүн түтетін аппарат сатып алып, округ аумағында жүн өңдеу, көрпе өндірісін жүргізумен айналысуда, - деді округ әкімі Талап Айтмұхамбетұлы.

 

            Жиында ауыл тұрғындары Жусандыой ауылдық округіне «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша таза ауыз су жеткізілсе деген ұсыныстарын жеткізді. Аудан әкімі бұл мәселенің келер жылы шешілетіндігін айтты.

            

            Тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, тапсыру мәселесі бойынша ауыл тұрғындары пікір білдіріп, көкейіндегі сұрақтарын қойды.

    

           Ауылдық округ әкімі Талап Қазиевтің айтуынша, халық жиынында қойылған мәселелердің шешілуіне назар аударылып, бақылауға алынған. Есепті мерзім ішінде ауыл тазалығына көңіл бөлініп, тазалық айлығы өткізілген. Округ бойынша санитарлық-экологиялық айлық аясында 35 тонна түрлі тұрмыстық қалдық шығарылған.

 

Ажаргүл Әлиева

 

Қаратөбе ауданы

 

zhaikpress.kz