25 Қантар 2019
413

Есенаңқатыда балық үшін ойық ойылды

 

Сырым ауданы Ақрап елді мекеніне қарасты Есенаңқаты өзенінде балықтар қалың қар мен мұз астында қалған.

 

Бұл олардың тыныс алуын қиындатып жіберді. Әсіресе таяз көлдерде ауа аз. Жазда жағаға жоламайтын балықтар қыста ойықтарға жақындайды. Есенаңқаты өзенінде аудандық мәслихат депутаттары,жанашыр жастар мен әр мекеме қызметкерлері бірлесіп ойық ойды.

 

Шара аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің «Жақсылық жаса!» акциясы аясында өткізілді. Айта кетейік, арасы 50 метрден 20 шақты ойық ойылып, ауа жіберілді.

 

 

Мархат Гумарова

 

Сырым ауданы

 

zhaikpress.kz