25 Қантар 2019
838

Шалқар көлінде ойықтар ойылды

 

Шалқар көлі балыққа бай су қоймасы. Айдында шортан, алабұға қыс кезінде мұз астында қалды. Биыл ызғарлы қыс су астындағы балыққа да оңай болмай тұр. Аяз қысқан сайын мұз қалыңдай түседі. Салдарынан су астындағы балық біткен ауа жетпей, тұншыға бастайды.

 

         Мұзды ойып, балыққа ауа жіберуді мақсат еткен аудан әкімі Әділ Жоламанов, аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев бастаған топ Шалқарда ойық ойды. Топ қатарында бөлім-мекеме басшылары, аудан жастары, Подстепное, Аңқаты, Ұзынкөл ауылдарындағы мектептердің мұғалімдері болды. Бұл жердің қыр-соқпағын жақсы білетін Шалқар және Аңқаты ауылдық округтерінен келген азаматтардың ісі қарымды.

 

         Жиналған топ ойықтарға жантайта қамыс салды. Бұл бұрыннан келе жатқан тәсілдің пайдасы – ойық бетіне мұз қатса да, қамыс қуысы арқылы астындағы тіршілікке ауа жетіп тұрады.

 

Камелия Өтеу,

 

Теректі ауданы

 

zhaikpress.kz