28 Қантар 2019
529

Жымпитыда үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталмақ

 

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев пен Жымпиты ауылдық округінің әкімі Арман Баяндықов тұрғындар үшін есептік кездесу өткізді.

 

2018 жылы Жымпиты ауылдық округі бойынша да тұрғындар көтерген мәселелерді шешпекке бірқатар жұмыс атқарылған. Мысалы, Жымпиты ауылының оңтүстік-батыс бетіндегі зиратқа апаратын 750 метр жолға ақ тас төселген, ал аудан орталығындағы С.Датов, Амангелді және Мұхит көшесіне 563, 98 метр жаяу жүргіншілер жолы салынған.

 

Жымпитылықтар жиналыста тұрғын үйлердің нөмірлерін жаңарту, ауыл ішінде қатынайтын қоғамдық көліктің жұмысын жолға қою, аудан орталығын ат спорты үйірмесін ашу, Өлеңті ауылынан тұрғын үй салу үшін инженерлік-коммуникациялық желі дайындау сияқты мәселелерді айтты.

 

Жақсы жаңалық сол, биыл Өлеңті ауылында жаңа саябақ салынады. Құрылысшы мердігер жұмысқа сәуір айында кіріседі. Сонымен қатар 2019 жылы Жымпитыда үш қабатты тұрғын үйдің құрылыс басталмақ. Аудан әкімінің айтуынша, бұл құрылыс арқылы аудан орталығындағы тұрғын үйге зәрулік мәселесі әжептеуір шешіледі.

 

Жымпиты ауылында бүгінгі күні 256 адам тұрғын үй кезегінде тұр.

Бауыржан Ширмединұлы,

 

Сырым ауданы

 

zhaikpress/kz