28 Қантар 2019
516

Жалпақталда шаңғы марафоны өтті

 

Бүгін жастар жылына орай эстафетаны Қазталов ауданы Жалпақтал ауылындағы Ғ.Молдашев атындағы мектеп ұжымы аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебіне табыс етті.

 

         Осыған орай аудандық спорт мектебінің ұйымдастыруымен көпшілік шаңғы марафоны өтті.

 

         Жалпақтал ауылындағы мекеме қызметкерлері, Жалпақтал колледжінің студенттері қатысқан көпшілік шарада Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы:

 

         -Бүгінгі шараға қатысушыларға ризашылығымды білдіремін. Жастар жылына ұйымдастырылып жатқан шара жалғасын таба берсін. Салауатты өмір салтын ұстанушы жастар көп болсын,-деп шаңғышыларға сәттілік тледі.    Мұнан кейін жастар атынан Абылай Ғұбайдуллин сөз сөйледі. Арнайы дайындалған шаңғы жорығына 30-ға жуық спортшы қатысты. Олар бес шақырымдық жолды жүріп өтті.

Тұрарбек Қайырғалиұлы,

 

Казталов ауданы

 

zhaikpress.kz