28 Қантар 2019
339

Жәнібектік оқушылар спорттың 11 түрінен дәріс алады

 

Жәнібек ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 15 жаттықтырушы 314 оқушыға спорттың 11 түрі бойынша дәріс береді.

 

         Соңғы жылдары ауданда сегіз заманауи жазғы спорт алаңы іске қосылды. Мектептегі ойын, күрес, үстел теннисі және тренажер залдарының, қолдан жасалған хоккей кортының, «street workout» алаңының және қоршалған жазғы спорт ойыны алаңдарының халыққа қолжетімді.

 

          Былтыр Ақоба ауылдық округіндегі Х.Халиуллин атындағы мектеп жанынан спортзал салынып, пайдалануға берілді.

 

 

 

Қ.Сайынов,

 

Жәнібек ауданы

 

zhaikpress.kz