29 Қантар 2019
312

Жәнібекте қылмыстың ашылуы деңгейі өсті

 

Былтыр Жәнібек ауданы бойынша 120 қылмыс тіркеліп, ашылу деңгейі 2017 жылға қарағанда 4,1 пайызға  өскен.

 

       

Жыл ішінде әкімшілік құқықбұзушылық жасағандарға 1066 хаттама толтырылып, 4 млн. 859 мың 303 теңге көлемінде айыппұл салынған. Соның ішінде 4 млн. 258 мың 053 теңгесі өндіріліп, өндіру деңгейі – 87,6 пайызды құраған. Аудан бойынша 15 адам полицияның ерікті көмекшісі ретінде тіркеліп, осы азаматтардың қатысуымен 50 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.

 

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде белсенділік танытқаны үшін полицияның ерікті көмекшілері ақшалай сыйақымен марапатталды.

 

С.Қали,

Жәнібек ауданы