29 Қантар 2019
545

Сырымдық шаңғышылар 140 шақырымды жүріп өтті

 

Сырым аудандық «Жас туристер станциясының» педагогтары тұрғындарға шаңғы туризмін насихаттау мақсатында Жымпиты-Ақсай бағытындағы 140 шақырымдық жолды шаңғымен жүріп өтті.

 

         Жорық бес күнге созылды. Шаңғышылар бес күннің ішінде Жымпиты-Аралтөбе-Талдыбұлақ-Тасқұдық-Александровка-Ақсу-Жаңақоныс-Ақбұлақ-Ақсай маршруттарын І дәрежелі қиындықпен еңсерді. Жорық кезінде педагогтар түрлі қиындықтарды бағындырды, сондай – ақ , жолай ауыл мен елді мекендердің тарихымен де танысып, өлкетанулық материалдар жинақтады, -дейді туристер станциясының әдіскері, «Атамұра» өлкетану үйірмесінің жетекшісі Ерлан Есқабылов.

 

         Айта кетейік, жорыққа С.Ажғалиев, Ж.Есламғалиев, Р.Шүйінішқалиев, Б.Батыршин, Р.Мағзомов, Е.Бердіғалиев секілді педагогтар қатысты.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

 

© zhaikpress.kz