30 Қантар 2019
369

Сырым ауданында құс фермасы салынбақ

 

Жеке кәсіпкер, «ALFA» жарнама компаниясының директоры Мейірман Смағұл Сырым ауданына қарасты Алғабас ауылынан құс фермасын салу жобасын қолға алуда. Жоба туралы аудандық қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтің есептік баяндамасында толығырақ айтылды.

       

         -Жұмыртқа – нарықта өте сұранысқа ие тағам түріне жатады. Өздеріңізге белгілі, ауданда жұмыртқа өндіретін құс фермасы жоқ. Алғабаста жүзеге асырылатын жобаның құны – 22 млн. теңге. Жоба іске қосылса, 5 бірдей жұмыс орыны ашылып, фермада күніне 10 мың жұмыртқа өндірілмек. Ферма Сырым ауданынан бөлек, Қаратөбе, Теректі, Бөрлі аудандарын және Орал қаласын сапалы жұмыртқамен қамтыр еді,- дейді аудан әкімі.

 

         Айта кетейік, құс фермасының құрылысы көктемнің соңына қарай басталмақ.