30 Қантар 2019
293

Ұзынкөлдің 15 қыстағы күн батареясын орнатқан

 

Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылдық округі бойынша 15 қыстақ күн батареясын орнатты.

 

Сонымен қатар электр желісін орнатқан қыстақтар 49 млн. 600 мың теңге көлемінде субсидияны игерді. «Үміт», «Арал», «Ұлан», «Эльдар», «Сағымжан» шаруа қожалықтары малдарын сумен қамтамасыз ету мақсатында құдық қаздырып, 2 млн. 800 мың теңге көлемінде субсидия алды. Округтегі шаруа қожалықтары мемлекеттік бағдарламалар арқылы шөп шабатын, жинайтын техникалар алды. Ауыл шаруашылығы техникасы үшін 1 млн. 250 мың теңге көлемінде субсидияға алынған.