30 Қантар 2019
373

Бәйтеректе «Ашық әкімдік» шарасы өтті

 

Мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттырып, ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған «Ашық әкімдікте» аудан әкімі Асхат Шахаров, аудан прокуроры Данияр Төлегенов, өзге де сала басшылары аудан тұрғындарын қабылдады.

 

Шара барысында тұрғындардың дені жер телімі, тұрғын үй тағы басқа мәселелері бойынша сауалдарын жолдап, тиісінше жауаптар алды.

 

Айта кету керек, «Ашық әкімдікке» отыз бестен астам аудан тұрғыны келіп, ой-пікірлерін айтты.

 

Аудан бойынша түрлі саладағы түйткілді мәселені билік пен бұқараның бірлесіп шешуін көздеген «Ашық әкімдік» шарасы алдағы уақытта да жалғасын