30 Қантар 2019
258

Ақжайық ауданының орталығы ажарлана түседі

 

Ақжайық ауданының орталығында тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжат жасауға 5,0 млн. теңге қаражат бөлінді.

 

 

Чапаев ауылын көріктендіру мақсатында ойластырылған істер аз емес. Қоқыс контейнерлері бүгінде 100-ге таяды. Қазір 6 контейнер алаңдары дайындалып, пластмасса мен шыны ыдыстарға, қағаз қалдықтарына бөлек-бөлек контейнерлер орнату жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындардың өз тарапынан бастамалар да бар. Мысалы, Гагарин көшесінің тұрғындары өз қаржыларына 3 контейнер жасап, орнатты.

 

Көлемі 7972,80 шаршы метрді құрайтын, аумағына «Жастар» саябағы кіретін орталық алаң құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжат жасақталуда. Демек, алдағы кезде аудан орталығы ажарлана түседі.