30 Қантар 2019
345

Жаңақалада тауар айналымы 15 пайызға өскен

 

Жаңақала ауданында шағын және орта кәсіпкерлік мәселесі де жақсы жолға қойылған.

 

Барлығы 1089 кәсіпкерлік субъекті тіркелген болса, олар 2064 тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Өткен жылы 8,7 млрд теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндіріліп, 2017 жылмен салыстырғанда өсім 6 пайызды құраса, тауар айналымы 4,5 млрд. теңгеге өсіп, өсім
15 пайызды құраған.

 

Сондай-ақ аудан орталығында «Ернұр дент» стоматология емханасы, «Ағайын» дәмханасы және такси қызметінің орталығы, «Техносила» тұрмыстық техника және жиһаз сауда үйі, «Стройбаза» құрылыс материалдар орталығы, «Ibrashev» құрылыс материалдары дүкені және «Saben» азық-түлік шағын маркеті, Меңдешев ауылдық округінде тойхана сияқты кәсіпкерлік нысандары іске қосылған.