30 Қантар 2019
372

Жаңақаладағы 3 қабатты 24 пәтерлік үйдің құрылысы биыл аяқталады

 

 

         Жаңақала ауданы әкімінің мәліметінше, өткен жылы аудан тұрғындарының өз қаражаты есебінен 8 693 шаршы метр тұрғын үй салынған. Күні бүгінге тұрғын үй алуға түрлі санаттағы 338 адам кезекте тұр. Сонымен қатар өткен жылы аудан орталығында 3 қабатты 24 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталып, биыл пайданалуға берілмек. Сондай-ақ «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Жаңақала ауылында үшқабатты, 21 пәтерлік тұрғын үй, екі пәтерлік 40 тұрғын үй салу жоспарда бар.

 

         Жаңақала ауылындағы 1 047 тұрғын үй жер учаскелеріне инженерлік инфрақұрылым желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда су құбырын, электр желісін тарту жұмыстары аяқталса, газ құбырын тарту жұмыстарын биыл аяқтау жоспарлануда.