30 Қантар 2019
431

Жаңақала ауданының тоғыз ауылдық округінің жетеуінде типтік жобада салынған мәдениет үй жұмыс жасауда

 

 

 

Ал Жаңажол, Мәстексай ауылдарындағы клубтардың тозығы жеткендіктен, алдағы уақытта бұл ауылдарға мәдениет үйін салу жоспарлануда.Еліміздегі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында төрт ауылдық округ орталықтарында құны 48 млн.теңгені құрайтын типтік жобадағы спорт алаңдары салынған.Сонымен қатар биылғы жылы Жаңақала ауылында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, алты ауылға жазғы типтік жобадағы жеті спорт алаңын салу жоспарланса, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу жобалануда.

 

- Елбасымыз алға қойған міндеттерді жүзеге асырып, өңір басшысы берген тапсырмаларды орындауда және аудан экономикасын дамытып, халқымыздың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын бұрынғыдан да жақсартуда береке-бірлігімізді танытып, ұлы істерді бірге жүріп жүзеге асырайық. Мәңгілік Еліміздің болашағы жарқын, келешегі айқын, бақыты баянды болсын ағайын,-деп қорытындылады аудан әкімі өз баяндамасын.