01 Ақпан 2019
504

Ақжайықта аң мен балыққа қамқорлық жасалуда

 

 Ақжайық ауданындағы Қаршы орман шаруашылығының қызметкерлері балықтарды, аңдарды қыс маусымындағы тиісті қамқорлыққа алды. 

 

         Мысалы, Жайық өзенінде, қарасуларда балыққа ауа жеткізу үшін 19 ойық жасады. Сондай-ақ судағы оттегіні молайту мақсатында су сорғылар арқылы ауаны байыту жүргізіліп тұрады.

 

         Қызметкерлер аңдар үшін жиі арнайы дайындалған астауларға 3 центнер шөп, 10 келі қара тұз, екі қапшық жем салып тұрады.

 

         Сонымен қатар орманшылықта алдағы жаз айларында орын алуы мүмкін өртке қарсы қам-қарекеттер жасалуда. Орманшылық орналасқан Ақжол ауылының әкімдігі, «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай жылыту стансасы және Қаршы орманшылығымен жасалған үшжақты келісімшарқа орай өртке қарсы іс-шара жоспары пысықталуда. Айталық, сол мақсатта мұнай жылыту стансасы жаз маусымында орманшылықты қол күшімен, техникамен, жанармаймен қамтамасыз етіп келеді.

 

         – Орманшылыққа қарасты орман алабында 7 шаруа қожалығы, 1 аңшылық қосын орналасқан. Бұл орындардың маңына өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде тақтайлар орнатылды,-дейді Қаршы орманшылығының орман шебері Мирас Еркенов.