04 Ақпан 2019
411

Ақсайда психологтарға арналған шеберлік сағаты өтті

 

Алғаш рет өткізілген шеберлік сағатын Бөрлі ауданының жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Психологиялық кеңес» кабинетінің психолог мамандары Б.Байқадамова мен Қ.Базарова ұйымдастырды.

 

Ауданның педагог-психологтарына арналған «Білім ошағындағы педагог-психологтардың жұмыс барысындағы эмоционалдық жануының алдын алу» атты шеберлік сағатының мақсаты мектеп және колледждегі педагог-психолог мамандардың жұмысын жетілдіру болды. 20 дан астам психолог түрлі тренингке қатысып, тығырықға тірелген сәтте шешім тауып, біліктілігін шыңдады.