04 Ақпан 2019
440

Теректілік қос талант Түркияға барады

 

Орал шаһарында өткен «Таңғы шұғыла» халықаралық байқауы теректіліктер үшін жемісті болды.

 

Аудан намысын 6-9 жастағы «Дуэт» аталымында қорғаған Сұлтан және Бейбарыс Ғарифуллиевтер үздік өнер көрсетіп, гран-при иегері атанды. Аталмыш жас аралығында бақ сынаған 18 балғын әншінің арасынан  ерекшеленген егіздер, енді мамыр айының 5-15 күндері Түркияда өтетін байқауда еліміздің абыройын арттырмақ. Осы байқауға қос талантты дайындаған аудандық №2 саз мектебінің оқытушысы Таңат Жексенбаев та ұйымдастырушылардың Алғыс хатына ие болды.