04 Ақпан 2019
455

Ел чемпионатына жолдама алды

 

Жуырда Орал қаласында 2004 жылы туған және одан кіші жастағы жасөсіпірімдер арасында қол күресінен облыстық чемпионат өтті.

 

         Оған 11 команда мен 350-ден астам спортшы қатысты. Жәнібек ауданынан қатысқан спортшылар бақтарын сынап, жүлделі орындардан көрінді. Нақтырақ айтсақ, қыздар арасында 2004-2007 жылы туған 40 келі салмақтағы Әсем Кенешева бірінші және Аружан Рақымғалиева екінші, ал 2001-2003 жылы дүниеге келген, 45 келі салмақта Диана Жаналиева үшінші орынға ие болды. Ұлдар арасында 2004-2007 жылы туған 45 келі салмақта Диас Бигалиев екінші, Батырхан Абдуллиев үшінші орын алды. 2001-2003 жылы дүниеге келген, 70 келі салмақта Батыржан Оспан бірінші орынды иемденді.

 

         Айта кету керек, бірінші орыннан көрінген спортшылар Талдықорған қаласында өтетін ел  чемпионатына жолдама алды.