05 Ақпан 2019
416

Бөкейордалық шаруа Ресейден асыл тұқымды мал әкелді

 

Бөкей Ордасы ауданының «Буранбаев М» шаруа қожалығының жетекшісі Мырзабай Боранбаев «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы Ресейдің Тверь облысынан 100 бас қашар сатып алған.

 

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сүйінбек Хайроллин шаруаның жайын білмекке қожалыққа келіп, герефорд тұқымды қашарлардың ерекшеліктеріне қанық болды.

 

Мырзабай Боранбаев бағып отырған малының санынан бұрын сапасын маңызды санайтынын айтты.

 

-Тек 100 баспен қана шектеліп қалмай, санын көбейтеміз деген ой бар. Болашақта жылқы малын да тұқымын асылдандыруды жоспарладық,- дейді шаруа.

 

Ерекше күтімді қажет ететін ойсылқара тұқымы біздің жерді жатсынбапты. Әзірге басқа малдан оқшау тұр.