05 Ақпан 2019
547

Сырымда көшпелі кеңес өтті

 

Сырым ауданы орталығындағы «Эверест» супермаркетінде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастарға кеңес» жобасы бойынша көпшелі кеңес өткізілді.

 

            Аталған көшпелі кеңеске аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы М.Жүкей мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың кеңесші мамандары қатысты. Жастарға жұмысқа орналасудың тетіктерін түсіндіру, қайда барып жолығу, тұрақты және маусымдық жұмыстарға орналасу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша сұрақтар, мемлекеттік бағдарламалар, соның ішінде «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға», бизнес ашу, тұрғын үй мәселелері жөнінде ақпараттандыру бағытында кеңес берілді.


            Ал орталық аурухананың мейірбикесі М.Гумарова кеңес алушы жастар мен ауыл тұрғындарының қан қысымын өлшеп, салауатты өмір салтын сақтаудың жолдарын түсіндірді. Көпшелі кеңес барысында 18 жас кеңес алды.