06 Ақпан 2019
335

Тасқалада жаңа цех ашылмақ

 

           Тақсала ауданы әкімі Алдияр Халеловтың есептік кездесуінде облыс әкімі Алтай Сейдірұлына таныстырылған жобалар қатарында алдағы жылы іске қосылмақ жаңа цех ашу жоспары көрсетілді.

 

        «Феррум Контракт» ЖШС қолға алған құтыдағы су өндіру цехы 2019-2020 жылдары іске қосылады. Мамандардың айтуынша, инвестицияның жалпы құны 120 млн.теңге. Өндіріс қуаттылығы сағатына 2000 бөтелкеге жететін болады. Жоба іске қосылса 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

 

           Алма бағын ашудың алғашқы кезеңі 2019-2021 жылдары жүзеге асып, бұл жоба құны 8 млн. долларды құрамақ. Аталмыш жоба аясында 70 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

 

          Ал екінші кезеңде сауда-логистика орталығын ашу жоспарда. 6 млн. доллар тұратын жоба жүзеге асса тағы 30 жұмыс орны ашылмақ.

 

         Жобалармен танысқан өңір басшысы жаңа жоспарлардың қажетін айтып, толық іске асып кеткенше бақылауда ұстауды тапсырды.