08 Ақпан 2019
370

Қаратөбе ауданының 91,3 пайызы таза ауыз сумен қамтылған

 

Бұл туралы аудан әкімі Ж.Асантаевтың есептік кездесуінде айтылды. Есеп беру жиынына облыс әкімінің орынбасары Ғали Есқалиев қатысуда.

 

– 2018 жылы аудандағы әлеуметтік нысандарды газдандыру жобасы аяқталып, аудан 100 % көгілдір отын жүйесіне қосылды.

 

Елбасы Жолдауда айтылған ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сай, 2018 жылдың тамыз айында жоба құны 915 миллион теңгеге Қаратөбе су қоры көзінен Үшана ауылына дейінгі елді мекендерді сумен жабдықтау құрылысы аяқталды. Жоба құны - 915 миллион теңге. Шөптікөл, Үшағаш, Соналы, Сулыкөл, Үшана елді мекендеріне ауыз су жеткізілді. Нәтижесінде ауданның 12 елді мекеніне таза су жетті. Аудан халқының 91,3% таза ауыз сумен қамтылды, - деді аудан әкімі.