08 Ақпан 2019
558

Қаратөбеде супермаркет ашылды

 

Қаратөбе ауданының орталығы Қаратөбе ауылында жаңа сауда орыны супермаркет ашылды.

 

Ауданда алғаш рет ашылған сауда орнының ашылуына облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев қатысып, қаратөбеліктерді құттықтады.

 

Ғали Нәжімеденұлы сауда орнының жұмысмен танысты. Жеке кәсіпкер Гүлнар Мусаеваға ризашылығын білдіріп, халықты қажетті тауарлармен қамтуды қолға алған супермаркет жұмысына сәттілік тіледі.

 

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сай «Supermarket» жобасын жасақтаушы «Stroyconsalting» ЖШС. Жоба құны 100,0 млн. теңге. Мердігер «Полимер-тех» ЖШС.

 

Сауда орнының құрылысы былтыр мамыр айында басталған. Құрылыс жұмысы кәсіпкердің өз қаражатына салынған.

 

25 жылдан бері саудамен айналысып келе жатқан кәсіпкер, жаңа сауда орнының иесі Гүлнар Орынбасарқызы:

 

-Ел тәуелсіздік алған алғашқы қиын кезеңдерді елмен бірге біз де қиындықты бастан өткердік. Құдайға шүкір бәрі артта қалды.

 

Сауда орнының құрылысына шаруашылығымыздағы малдарымызды сатып, одан түскен қаражатты жұмсап отырдық. Жұмысты толыққанды аяқтау үшін банкттен қарыз алдық.

 

Қаладағы әріптестерімнен де үлкен көмек болды. Қол ұшын созған әріптестеріме де рахмет. Жетістікке қол жеткізуіме жолдасым Мереке, ата-енем, әкем мен сіңілім зор үлес қосты.

 

Жалпы қос әулеттің еңбегінің арқасы деп білемін,-дейді.