12 Ақпан 2019
361

Бөрліде гір спортынан чемпионат өтті

 

Чемпионат Қарашығанақ спорт кешенінде ерлер, жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ұйымдастырылды.

 

Спорттық додаға Бәйтерек пен Шыңғырлау ауданы, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Орал қаласы, Бөрлі ауданының командалары қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша жекелей сында 38 келі салмақта Айбек Абдулов, 43 келі салмақта Мирас Оңғаралиев, 48 келіде Әмірәлі Әбдіғали, 53 келіде Әли Ермұханов, 58 келі салмақта Тұрлыбек Қадыржан, 63 келіде Манарбек Ғалымжанов, 68 келіде Арман Бақыт чемпион атанды.

 

2001-2002 жылы туғандар арасында, 58 келі салмақта Рамиль Жұмағалиев, 63 келіде Эльдар Ерғалиев, 68 келіде Алпамыс Тажекешов, 73 келіде Нұрхат Кереев, 73 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Әлішер Дәулеткереев, 1996 жылы туған 63 келі салмақта Дулат Нұрғазиев, 68 келіде Виктор Друзик, 73 келіде Мейрам Мендалиев, 78 келіде Зенет Мақсотов, 78 келіден жоғары салмақта Ғұмар Әжіғалиев І орынға ие болды.

 

Жалпы командалық есепте үздік шыққан Шыңғырлау ауданы І орынды алса, екінші орынға Орал қаласының командасы тұрақтады. Үшінші орын Бөрлі ауданына бұйырды.