11 Ақпан 2019
502

Өрттің алдын алу айлығы өтуде

 

Облыс бойынша өрттің алдын алу, сақтандыру мақсатында айлыққа байланысты Жайықтың сол жағалауындағы Ақжайық ауданының 7 ауылдық округінде №30 өртпен күрес бөлімінің жеке құрамы ауқымды істер жүргізуде.

 

          Қарауылтөбе ауылындағы Тайпақ мектебінде мұғалімдерге, оқушыларға оттан сақтанудың ережелерін әңгімеленіп, жадынама таратылды. Әсіресе төменгі сыныптағы ұл-қыздарға жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

         Сондай-ақ техниканы тарту арқылы аталған ауылда тұрғындармен өрт сөндіру тактикалық сабағы өткізілді. Айталық, ғимаратта өрт орын алған жағдайда сабыр сақтау, сыртқа шығу жолдарын білу, бір-біріне көмектесу, материалдық құндылықтарды көшіру іс-қимылы көрсетілді.

 

         Сондай-ақ бөлім қызметкерлері ауылдық округтерде бүгінге 123 үйді аралап, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді. Тоқтың тұйықталуынан, қыс мезгілінде газ қондырғылары және жылу пештері ақаулығынан келер қауіп қаперге салынды.