14 Ақпан 2019
349

Бəйтерек ауданында 29 жылыжай өнім беруде

 

Бәйтерек ауданының бес шаруа қожалығында 29 жылыжай жұмыс жасайды. Жалпы алаңы 21 964 шаршы метр болатын жылыжайлар жылына екі мәрте өнім береді.

 

 

 

Бәйтерек аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінен түскен мәліметке сүйенсек, аталмыш жылыжайлардан өткен жылы көктемде 319,8 тонна көлемінде қияр мен қызанақ алынса, күз мезгілінде бұл көрсеткіш 257,3 тонна болған. Жалпы 2018 жылы алынған өнім 577 тонна. Көктем мезгілінде бір шаршы метрден алынған өнім көлемі 14,6 келі болса, күзгі уақыттағы көрсеткіш 11,7 келі.