14 Ақпан 2019
351

Егіндікөлдік оқушылар жыр мүшәйрасының жүлдегері атанды

 

Астана қаласының «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен жыр мүшәйрасының сырттай байқауына Қаратөбе ауданы Егіндікөл мектебінің үш бірдей оқушысы қатысқан болатын.

 

Оқушылар екі бағыт бойынша жұмыстанды. Бірі патриоттық  тақырыбы болса, екіншісі таңдалған тапсырмалар арқылы лирикалық бағытта өлеңдер жазу.

Кіші топ, яғни бастауыш сынып оқушылары арасынан 2-сынып оқушысы Диас Қайрат ІІ орынға ие болды. Орта топ оқушылары арасынан 6-сынып оқушысы Камилла Мәлік жүлделі І орынды жеңіп алды. Ал үлкен топта 10-сынып оқушысы Батырхан Әділ ІІ орынға ие болды.

Сырттай өткен жыр мүшәйрасына Диас Қайрат «Патриот ұлдың жазғаны», «Анашым» өлеңдерін жолдаса, Камилла Мәліктің «Жазира далам – ұлы Отан», «Алтын күз» атты жырлары үздік деп танылыпты. Ал Батырхан Әділ «Елім деп соққан жүрегім», «Қоштасу» атты туындыларымен көзге түскен.

Сайысқа оқушы дайындап, додаға қосқан мектеп тәлімгері Еркінғали Қуанғалиұлы алғыс хатпен марапатталды.