18 Ақпан 2019
342

Тасқалада хоккейден аудан біріншілігі қорытындыланды

 

Тасқала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен допты хоккейден «Жастар кубогі» үшін Тасқала ауданының біріншілігі өтті.

 

         Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Люция Әсетқызы спортшыларға сәттілік тілеп, жеңіске мықтылардың жетуін тіледі.

Нәтижесінде Ақтау құрама командасы жеңімпаз атанса, ояндық құрама команда екінші орынға ие болды. Ал Ы.Алтынсарин атындағы мектептің намысын қорғаған спортшылар үшінші орынды қанжығасына байлады.

         Үздік ойын көрсеткен Ы.Алтынсарин атындағы мектеп командасының ойыншысы Б.Мұратов «Үздік қақпашы», ояндық Н.Илан «Үздік қорғаушы», ақтаулық А.Сағынтаев «Үздік шабуылшы» аталымдарымен марапатталды.

         Жарысқа қатысушыларға аудандық жастар ресурстық орталығының дипломдары мен естелік сыйлықтары табыс етілді.