20 Ақпан 2019
461

Сырымдық спортшылар республикалық чемпионатқа жолдама алды

 

Орал қаласында тоғызқұмалақтан жастар мен қыздар арасындағы классика және блиц түрлерінен облыс чемпионаты өтті.

 

Байрақты бәсекеде Бөрлі, Жаңақала, Тасқала, Қаратөбе, Сырым және Орал қаласынан 150-ге тарта спортшы бақ сынады. Жарыста Абай мектебінің оқушылары Ақбота Қоңырова 3-орынға, Нұргүл Батырғалиева блиц түрінен 2-орын, классика түрінен 3-орынға ие болды. Олар наурыз айының 22-31 күндері Қызылорда қаласында өтетін ел чемпионатына жолдама алды.